Білім беру бағдарламалары

Кафедра күндізгі және қашықтықтан оқытудың бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша жеңіл өнеркәсіп мамандарын дайындайды.

БАКАЛАВРИАТ

Дайындау бағыты 072  Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының тобы: В 070/М114 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар

6В07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» БББ ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредиттеуден өтті.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» БББ мақсаты: республикалық және халықаралық еңбек нарықтарының талаптарына сәйкес тоқыма және былғарыдан жасалған сән индустриясы бұйымдарын жобалау және технологиясы саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Траекториялар:

  • Тігін бұйымдарының технологиясы (ТБТ)
  • Тігін бұйымдарының құрастырылуы (ТБҚ)
  • Былғары және үлбір бұйымдарының технологиясының құрастырылуы

 

2024-2025 оқу жылынан бастап жаңа білім беру бағдарламалары іске асырылуда:

6B07207 – «Сән технологиясы»

Траекториялар:

  • Тігін бұйымдарының технологиясы (ТБТ)
  • Тігін бұйымдарының құрастырылуы (ТБҚ)
  • Цифрлік киімнің технологиялары (ЦКТ)

«Сән технологиясы» БББ мақсаты: заманауи цифрландыру тенденцияларына сәйкес сән индустриясы бұйымдарын жобалау мен технологиясы саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Серіктес университет: А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Мәскеу қ.), И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Қырғызстан.

Дайындау бағыты 071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы: В064/М103 Механика және металл өңдеу

6B07107 – «Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттары»

6B07107 – «Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттары» білім беру бағдарламасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына («Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша) сәйкес әзірленді (2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

БББ мақсаты: заманауи техниканы жобалау және игеру дағдыларын меңгерген тігін, аяқ киім және былғары өндірісінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану саласындағы жеңіл өнеркәсіп салалары үшін технологиялық процестерді механикаландыру саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Серіктес ЖОО: И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Қырғызстан.

МАГИСТРАТУРА

7М07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»

7М07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына («Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша) сәйкес әзірленді (2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

БББ мақсаты: жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау және технологиясы саласындағы ғылым мен инновациялық білімді интеграциялау негізінде сыни ойлауға және стратегиялық шешімдерді әзірлеуге қабілетті жоғары мамандандырылған өндірістік және педагогикалық кадрларды даярлау.

БББ ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредиттеуден өтті.

ЖОО-серіктес, ҒЗИ-серіктес: Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты (Ташкент қ.), А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Мәскеу қ.).

ДОКТОРАНТУРА

8D07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»

8D07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына («Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша) сәйкес әзірленді (2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

БББ мақсаты: жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін инновацияларды әзірлеуге және енгізуге құзыретті, іргелі және өзекті қолданбалы ғылыми зерттеулерге қабілетті жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық және басшы кадрларды даярлау

БББ ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредиттеуден өтті.

ЖОО-серіктес, ҒЗИ-серіктес: Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты (Ташкент қ.), А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Мәскеу қ.).

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз